FOREX нарығында ықыласы бар кез келген адам жұмыс істеп, табыс көре алады.
Нарықтың болмысын жақсы түсіну үшін онда кім сауда жүргізетінін әрі нарық жағдайының өзгерісіне ірі ойыншылар қалай ықпал ететінін білу қажет. Жеке инвесторлардан басқа FOREX-те нарықтың кәсіпқой қатысушылары да табыс көреді:
- мемлекеттердің орталық банктері
- банк-маркетмейкерлер
- экспорттаушы/импорттаушы компаниялар
- сақтандыру компаниялары
- корпоративтік инвесторлар
- инвестициялық және хедж қорлары
- жеке және заңды тұлғаларды нарыққа шығаратын делдал компаниялар.
Әсіресе ірі банктер нарыққа елеулі түрде әсер етеді, өйткені олар валютаны үлкен көлемде сатып алу немесе сату қабілетіне ие. Дәл солар ақша қаражаттарының өтімділігін және қозғалысын құрады. Сондықтан әр түрлі елдердің орталық банктерінің және ірі халықаралық банктердің саясатына тікелей қатысы бар жаңалықтар нарықта аса маңызды болып саналады.
Орталық банктер

бағалардың қозғалысына қандай да бір ресми шектеулер белгілемейтін нарықтың ірі қатысушылары. Алайда олар негізгі пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін анықтап, реттеуші міндетті орындайды. Банктер нарық қатысушыларына өздерінің тілектерін білдіріп әрі жағдайды бағалап, бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бойынша ашық нарықта операциялар жүргізеді. Сонымен қатар олар ерекше жағдайларда тікелей валюталық басқыншылық жасау (ұлттық валютаның кейінгі арзандауына немесе қымбаттауына тосқауыл қою мақсатында, оны сатып алу немесе сату) құқығын иеленеді.
Маркетмейкерлер

(сөзбе-сөз айтқанда — нарықты жасаушылар) — бұл нарықтың басқа қатысушылары үшін валютаға дербес баға белгілейтін банктер. Олар баға белгіленімін анықтау құқығын халықаралық стандарттар жинағын қолдау келісімінің негізінде алды.
Нарыққа маркетмейкерлер көрсететін қызметтердің тұрақтылығы, сонымен қатар реттеуші ұйымдар (мысалы, Ұлыбританиядағы FSA, өз кезегінде оның қызметін Англияның Банкі реттейді) әзірлеген заңдар мен ережелер жинағы, оған қоса маркетмейкерлердің өздері құрған шартты «абырой кодексі» FOREX нарығының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Экспорттаушы/импорттаушы компаниялар

нарықта валюта айырбастау операцияларын өткізе отырып, осы мәмілелерден тікелей табыс көруді мақсат тұтпайды, олар валюта айырбастаудың халықаралық механизмдерін өздерінің негізгі шаруашылық қызметін атқару мақсатында қолданады.
Сақтандыру компаниялары

профильді мәмілелер бойынша тәуекелдерді хеджирлеумен (мәмілелерді нарық тәуекелінен сақтандыру әдісі) айналысады. Мысалы, Германиядан өнімдерді импорттайтын компания еуропалық валютаның қымбаттауымен байланысты тәуекелдерді көтереді және осы тәуекелдерді қандай да бір валютаға қатысты алдын ала белгіленген көлемде еуро сатып алып, өтей алады.
Инвестициялық қорлар

корпоративтік және жеке инвесторлар әр түрлі уақыт кезіндегі бағалардың айырмашылығына байланысты валютаны сатып алу-сату бойынша операциялардан тікелей табыс көруге тырысады, ал делдал компаниялар оларға нарыққа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді әрі бұл ретте маркетмейкерлерден нарықтық баға белгіленімін алады.
Жеке инвесторлар

FOREX нарығында өз шоттарын дербес орналастырады және басқарады немесе осы мақсатта кәсіби делдалдардың қызметтерін пайдаланады.