Поиск

FAQ TeleTrade

Сауда терминалында «Байланыс жоқ» хабарламасы пайда болады. Не істеу керек?

Бұның бірнеше себептері болуы мүмкін:

  1. Ең алдымен сіздің жергілікті желіңізде 443-порт блокталған болуы мүмкін. Өзіңіздің жүйе әкімшіңізден прокси-сервердің мекенжайын және Интернетке шығатын портты нақтылаңыз. Сондай-ақ осы ақпаратты сіз интернет-шолушыдан біле аласыз. Ол үшін «Сервис» / «Шолушының белгілері» / «Қосылулар» / «LAN баптау…» әрекеттерін орындаңыз да прокси-сервердің нөмірін және порттың нөмірін жазып алыңыз. Осыдан кейін сауда терминалында «Сервис» / «Баптаулар» таңдап, / «Прокси-серверге рұқсат ету» жолында белгі қойып / «Прокси» түймешігін басу қажет әрі прокси-сервердің нөмірі мен портын жазу керек. Ал егер сіз Интернетке пароль мен логинді қолдана отырып, қосылатын болсаңыз, онда оларды сәйкесінше жолдарға енгізу қажет.
  2. Сіздің компьютеріңізде 443-порт арқылы терминалдың жұмысын блоктайтын вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама орнатылған болуы мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламаны өшіріңіз. Егер осыдан кейін сервермен қосылыс орнатылатын болса, онда себеп вирусқа қарсы бағдарламада деп түсіну керек. Осы проблеманы жою үшін вирусқа қарсы бағдарламаның баптауларында 443-портқа рұқсат ету қажет немесе TeleTRADER 4 рұқсат етілген бағдарламалардың қатарына қосу керек.
  3. Сіздің терминалыңыз ескі жаңарту (Build) нұсқасына ие. Терминалды «LiveUpdate» автоматты жаңарту жүйесі арқылы соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет немесе біздің сайтымыздан сауда терминалын жүктеп, оны ескі нұсқаның үстінен орнату керек. Терминалдың Build «Анықтама» / «Бағдарлама туралы» терминал мәзірінде білуге болады.
Кестенің бір бөлігі жоқ. Графикалық деректерді қалай жаңартуға болады?

Бұндай жағдай сауда серверімен интернет-қосылыс тұрақты орнатылмаған жағдайда орын алуы мүмкін.
Кестені жаңарту үшін кестеде тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз да контекстік мәзірден «Жаңарту» жолын таңдаңыз. Терминалды қайта іске қосыңыз.

Менде EUR/USD бойынша 3 лот көлеміндегі позиция ашық тұр. Мен позицияның бір бөлігін жаба аламын ба, мысалы 1-лотты жауып, 2 лотты қалдыру мүмкіндігі бар ма?

Сіз ішінара жапқыңыз келетін позицияны екі рет басыңыз, көлемді таңдаңыз (мысалы, 1.00) және «.... жабыңыз» түймешігін басыңыз. Бөлшектеген кезде «нарықта қалдырылған» ордер үшін позицияның жаңа нөмірі пайда болады.

«Нарыққа шолу жасау» терезесіндегі символдар тым кішкентай, нашар көрінеді. Оларды қалай ұлғайтуға болады?

«Нарыққа шолу жасау» терезесінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз және контекстік мәзірден «Баға белгіленімі терезесін» таңдаңыз немесе «F10» басыңыз. Пайда болған «Баға белгіленімі» терезесінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, контекстік мәзірден өзіндік ерекшеліктерді таңдай аласыз әрі онда сізге ыңғайлы баптауларды жүргізуге болады (қаріптің өлшемін, оның түсін, фонын таңдай аласыз...).

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі EUR/USD бойынша күндізгі кестені қарағым келеді. Тінтуірді айналдырудан шаршадым. Бұны қалайша оңай жасауға болады?

Ең алдымен «Автоайналдыру» функциясын тоқтату қажет («Кестелер» / «Автоайналдыру»). D1 кезеңін таңдаңыз, «Enter» пернесін басыңыз. Сол жақ төменгі бұрышта жылдам бағдарлау жолы пайда болады әрі онда ЖЫЛ. АЙ. КҮН форматында сізге қажетті күнді енгізу қажет (мысалы, 2001.09.11) және «Enter» басыңыз. Бұл ретте сізге қажетті уақыт кезеңі бірден пайда болады.

Терминалды жүктеген кезде «LiveUpdate» терезесі пайда болады. Бұл не?

Терминалда «LiveUpdate» автоматты жаңарту жүйесі орнатылған. Бұл жаңа нұсқалар пайда болған жағдайда бағдарламаны шұғыл жаңарту үшін қажет.

«Жаңарту» түймешігін басыңыз және терминал соңғы нұсқаға дейін жаңарғанға дейін күтіңіз. Жаңартуды аяқтағаннан кейін «Қайта жүктеу» түймешігін басыңыз.

Жаңартуларды елемеу дұрыс емес, бұл терминалдың дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі мүмкін.

Терминал «ұзақ ойланып тұрады». Проблема неде болуы мүмкін?

Техникалық талдау жүргізу үшін Сіз көп мөлшердегі индикаторларды пайдаланып жатқан боларсыз. Сондықтан терминал серверден келіп түскен деректерді қалыпты режимде жаңартып тұруға қабілетсіз.

Осы проблеманы жою үшін пайдаланып жатқан индикаторлардың санын оңтайландыру қажет. Бұл сіздің терминалыңыздың жұмысын жеңілдетеді.

Демо-шоттың қолданылу мерзімі

Демо-шоттың қолданылу мерзімі 14 күнді құрайды және сіздің логиніңіз сәтті енгізілген сайын дәл осы мерзімге автоматты түрде ұзартылады. Басқаша айтқанда, демо-шот сіз оған 14 күн бойы кірмеген жағдайда жойылады, ал егер сіз әр 14 күн сайын кем дегенде 1 рет кіріп тұрсаңыз, ол ешқашан жойылмайды.

Барлық баптаулары және индикаторлары орнатылған кестені қателесіп жауып қойдым. Қайта ашылған кестеде барлық баптауларды және индикаторларды қалай жаңартуға болады?

Терминалда шаблондарды сақтау функциясы бар. Ол кестенің барлық баптауларын сақтауға мүмкіндік береді (пайдаланушылық және техникалық индикаторлар, сызықтық құралдар, бекітілген кеңесші және оның баптаулары, түс схемасы).

Шаблонды құру үшін «Кестелер» / «Шаблондар» / «Шаблонды сақтау» командасын орындау қажет. Осы шаблон болашақта кез келген кесте үшін қолданылатын болады.

Егер сіз шаблондарды сақтамасаңыз, өкінішке орай, кестенің баптауларын қолымен қалпына келтіруге тура келеді.

Трейлинг Стоп дегеніміз не? Оның мен үшін пайдасы бар ма?

Стоп Лосс қаржы құралының бағасы сізге қарсы қозғалатын болса, сіздің шығындарыңызды азайту үшін қажет. Сіздің ашық позицияңыз пайда әкеле бастаған кезде, Стоп Лоссты пайданы бекіту үшін пайда түсетін аймаққа ауыстыруға болады. Бұл ретте Стоп Лоссты сіз қолыңызбен және Трейлинг Стоп функциясын пайдалана отырып ауыстыра аласыз — бұл осы процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Мысалы, Сізде EUR/USD бойынша 3 лот көлеміндегі ұзын позиция ашық тұр, ашу бағамы: 1.3650. Сіз Стоп Лоссты 1,3600 деңгейінде орнатасыз және Трейлинг Стоп функциясын 15 тармақ деңгейінде белсенді етесіз (тінтуірдің оң жақ түймешігімен позицияға басыңыз / «Трейлинг Стоп» / «15 тармақ»). EUR/USD бағамы 1.3665 мәнінен асқан кезде, терминал автоматты түрде Стоп Лоссты 1.3650 деңгейіне дейін өзгерту туралы бұйрық жібереді. Бағамның әрбір өзгерісіне байланысты 1.3665, 1.3666, 1.3667… терминал Стоп Лосс деңгейін нарыққа сәйкес өзгертетін болады — 1.3650, 1.3651, 1.3652…

Трейлинг Стоп функциясын серверде емес, терминалда өзіңіз орнатасыз және ол тек ашық позициямен ғана байланысты.

Назар аударыңыз! Трейлинг Стоп терминал қосылған болған кезде ғана жұмыс істейді.

Своп деген не? Своп-тармақтар қалай есептеледі?

FOREX нарығында сауда мәмілелері spot шарттарында жасалады. Бұл бүгін жасалған барлық мәмілелер бойынша келесі жұмыс күнінде базалық валютаның бүкіл сомасын жеткізу орын алуы қажеттігін білдіреді. Маржиналдық сауда жағдайында нақты жеткізу орын алмайды, сондықтан жеткізуге жол бермеу үшін swap типіндегі мәмілені жасау қажет, яғни алдыңғы валюталау күніндегі ағымдағы бағам бойынша позицияны жауып, жаңа ашу күніне және келесі валюталау күніне ие своп-тармақтарды ескере отырып, оны жабу бағамы бойынша ашу қажет. TeleTRADER 4 терминалында своптау кезінде позицияны ашу және жабу операциясы орындалмайды (бұл трейдерлер үшін қолайсыз), ал ашық позицияға своп-тармақтар есептеледі немесе жазылады. Осылайша, валюталау күні (валютаны жеткізу) бір жұмыс күніне ауысады.

Әрбір қаржы құралдары бойынша своп-тармақтардың мөлшерін «Сауда-саттық шарттарынан» біле аласыз.

Своп операциясын өткізу мысалын қарастырайық.

Сіз EUR/USD бойынша 1.3700 бағадағы 1 лот мөлшеріндегі (100 000 EUR) қысқа (Short) позицияны аштыңыз. Қысқа позиция бойынша своп-тармақтардың шамасы EUR/USD +0,3200.
23:59 жүйедегі уақыт бойынша ашық позиция свопталады және шотқа келесі формулаға сәйкес своп-тармақтардың құны есептеледі:

Swap = Lots х Short Pips х Pip Size,

мұнда:

«Lots» — ашық позицияның көлемі (ол бізде 1.00 құрайды);
«Short Pips» — своп-тармақтың мөлшері (ол бізде +0,3200 құрайды);
«Pip Size» — депозит валютасындағы бір тармақтың құны (біздің жағдайымызда ол 10 $ құрайды).

Нәтижесінде мынаған қол жеткіземіз:

Swap =1.00 х (+0,3200) х 10 = +3.2$.

Бұл сома Сізде терминалыңызда «Своп» жолында бейнеленетін болады және позицияны жабу кезінде сіздің сауда шотыңызға қосылады.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған күні үштік своп орын алады, өйткені жұмадан кейін екінші жұмыс күні дүйсенбі болғандықтан, своп-тармақтар үш есе көлемде есептелетін болады (валюталау күнін жұмадан сенбіге, сенбіден жексенбіге және жексенбіден дүйсенбіге ауыстыру).

Неге менің позицияларым мен өкімдік берместен жабылды?

Ашық позициялар табыс әкелуі мүмкін, сонымен қатар шығынға батыруы мүмкін. Егер нарық Сізге қарсы жылжып бара жатса және сіздің маржиналдық қамсыздандыру деңгейіңіз 10% және одан төмен белгіге жақындаса, дилер өз қарауы бойынша сіздің өкімдігіңізді күтпей, позицияның барлығын немесе бір бөлігін жаба алады.

Неге позицияны ашу бағасы дилерге беретін менің өкімдігімде көрсетілген бағадан ерекшеленеді?

Сіз «нарыққа кірген кезде» ордерде «Сұратылған бағадан максималды ауытқуды пайдалану» опциясын тексеріңіз. Егер ол қосылған болса және «Максималды мән» жолында, мысалы, 5 тармақ тұрса, бұл мынаны білдіреді: сіздің өкімдігіңіз дилерге келіп түскен жағдайда, нарық жағдайларының өзгеруіне байланысты дилер сізге сіздің өкімдігіңізде көрсетілген бағадан 5 тармаққа ерекшеленетін баға бойынша позиция ашуға кеңес береді, бұл ретте терминал ондай бағаға автоматты түрде келіседі.

Мысалы:

  1. Сіз 1.3350 бағасы бойынша EUR/USD қысқа позициясын ашуға өкімдік бересіз.
  2. Дилер сіздің сұрауыңызды алғаннан кейін нарықтың жағдайын бағалайды да сізге 1.3345 бағасын ұсыну туралы шешім қабылдайды.
  3. Терминал дилер ұсынған бағаға автоматты түрде келіседі, сондықтан позиция 1.3345 бағасы бойынша ашылады.

Ондай жағдай қайталанбауы үшін және дилер ұсынған барлық жаңа бағалар сіздің терминалыңызға келіп түсуі үшін «Ордер» диалог терезесінде «Сұратылған бағадан максималды ауытқуды пайдалану» опциясындағы белгіні алып тастау жеткілікті.

Кестеде баға көрсетілгенімен, менің ордерім орындалмады.

Сауда терминалындағы кестелер «Бид» бағасы бойынша құрылатынын есте сақтаған дұрыс. Осылайша, «High» — бұл ең жоғарғы Бид, ад «Low» — ең төменгі Бид.

Егер сізде 140.00 бағасында GBP/JPY бойынша buy limit кейінге қалдырылған ордер болса, онда ол «Аск» бағасы бойынша орындалатын болады. GBP/JPY кестесіндегі баға 140.00 деңгейіне жеткен кезде, позиция ашылмайды, өйткені осы сәтте «Аск» бағасы 140.08 құрайтын болады (GBP/JPY бойынша спред 8 тармаққа тең болады). Кесте (баға) 139.92 және одан төмен деңгейге жеткен кезде ғана ордер орындалатын болады.

Ыңғайлы болу үшін кестеде «Аск» сызығын бейнелеуге болады. Ол үшін кесте аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз / «Өзіндік ерекшеліктер» / «Аск сызығын көрсету» жолында белгі қойыңыз.

Терминалға кірген кезде, ол менен авторландыру процедурасын талап етпейді. Неге? Менің балаларым менің компьютерімде ойын ойнайды, олар менің рұқсатымсыз сауда жүргізуі мүмкін...

Ең алдымен өзіңіздің пароліңізді ұмытпағаныңызға көз жеткізіңіз. Егер есіңізде болса, «Файл» мәзіріне кіріп, / «Логин» таңдаңыз және «Жеке ақпаратты сақтау» / «Логин» жолындағы белгіні алып тастаңыз.
Енді терминалды келесі жолы жүктеген кезде, өз шотыңызға қосылу үшін Логин мен парольді енгізіп, авторландыру процедурасынан («Файл» / «Логин») өту қажет болады.

ГЭП дегеніміз не?

ГЭП — бұл баға алшақтығы.
Осы алшақтықта кірген барлық ордерлер Клиент мәлімдеген баға бойынша орындалмауы мүмкін.

Мен атқарылған сауда операциялары туралы есепті ала аламын ба?

Иә, ала аласыз. Ол үшін терминалда «Шоттың тарихы» ендірмесінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз және контекстік мәзірден «Есеп ретінде сақтау» / «Толық есеп ретінде сақтау» жолын таңдаңыз.

Терминалда менің сауда операцияларымның тарихы жоқ. Оның себебі неде?

Бұндай жағдай күнтізбелік айдың басында орын алады. Терминал жаңа айды жаңа сауда-есепті кезең ретінде қабылдайды, сондықтан барлық бұрынғы мәмілелер көрсетілмейді.

Терминалдағы тарихты бейнелеу үшін тінтуірдің оң жақ түймешігін басыңыз да контекстік мәзірден «Барлық тарих» жолын таңдаңыз.

Сауда терминалында «Қате шот» хабарламасы пайда болады. Не істеу керек?

Осы жағдай егер сіз авторландыру кезінде логин мен парольді қате енгізсеңіз немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шот жойылған болса (демо-шоттарға қатысты қолданылады) туындайды.

Іс-әрекеттер атқарғым келеді, бірақ жауап ретінде «Сауда ағыны бос емес» хабарламасы пайда болады. Проблема неде?

Осы жағдай егер сіз алдыңғы сұрауыңызға дилердің жауабын күтпей, кезекті (жаңа) сұрау жіберсеңіз пайда болады.

Проблеманы жою үшін сауда терминалын қайта жүктеу жеткілікті.

Тіркелгеннен кейін іске қосу коды терминалға келмеді немесе мен оны жойып жібердім. Не істеу керек?

e-mail: advizer@teletrade-dj.com мекенжайына өзіңіздің төлқұжатыңыздың сканерден өткізілген бейнесін және шоттың нөмірін жіберіңіз. Сіздің жеке деректеріңізді тексергеннен кейін әрі растағаннан кейін іске қосу коды жауапты хатпен жіберіледі.

Мен сауда терминалына қиындықсыз кіремін, бірақ іс-әрекеттер атқара алмаймын және құралдар панеліндегі «Жаңа ордер» түймешігі іске қосылмайды.

Бұндай жағдай егер сіз терминалға инвестордың паролін қолданып кіретін болсаңыз туындайды. Сауда операцияларын атқару үшін негізгі парольді (трейдердің паролін) пайдалана отырып, авторландыру процедурасынан өту қажет.

Іс-әрекет жасау кезінде терминалда «Нарық жабық» хабарламасы пайда болады.

Қаржы құралы бойынша сауда сессиясы жабық. Нарықтардың жұмыс кестесін біздің сайтымыздан біле аласыз.

Терминал серверге қосылу үшін сауда терминалында қандай қосылыс параметрлерін көрсету қажет?

Егер сіз бағдарламаны біздің сайтымыздан жүктеп алсаңыз, онда ол тиісті түрде бапталған, сондықтан TeleTRADER 4 бағдарламасында қосылыс параметрлерін көрсету талап етілмейді.

Интернет қандай болуы тиіс?

Интернет сенімді болған дұрыс, өйткені компанияның сауда серверімен орнатылған байланыстың бұзылуы күтпеген салдарға алып келуі мүмкін. Жеке бөлінген желі ең сенімді қосылыс болып табылады.
Егер Сіз GPRS пайдаланатын болсаңыз — бұл ретте өзіңіздің ұялы байланыс операторыңыздан осы қызметті ұсыну шарттарымен танысып алған дұрыс, өйткені GPRS-–жабыны жоқ жерлерде сіз өз шотыңызды Интернет арқылы бақылай алмайтын боласыз.

Менің компьютерім Интернетке маршрутизатор (роутер) арқылы қосылған әрі сауда серверімен қосылыс орната алмай тұр. Не істеу керек?

Бұндай жағдай, көп жағдайда, корпоративтік желілерде кездеседі. Осы проблеманы шешу үшін желінің жүйе әкімшісінен сауда серверінің мекенжайын «рұқсат етілгендердің» қатарына енгізуін сұрау жеткілікті.
Бұдан өзге маршрутизатордың (роутер) өзінде ішіне орнатылған firewall болады әрі ол сауда терминалының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Осы проблеманы жою үшін firewall өшіруге (бұған жүйе әкімшілері рұқсат бере бермейді) немесе онда 443-портты ашуға болады.

Терминал ОС Windows қай нұсқасында жұмыс істейді?

TeleTRADER 4 терминалы Windows 2000, Windows 2003, Windows XP және Windows Vista операциялық жүйелерінің басқаруында жұмыс істейді.

Демо-шотты қалай ашуға болады?

Терминалды орнатқаннан кейін «Файл» / «Шотты ашу» мәзіріне кіріңіз / барлық жолдарды толтырыңыз, «Мен пошта арқылы жаңалықтар алуға келісімімді беремін» жолына қарама-қарсы жерде белгі қойыңыз, / «Бұдан әрі» / «Бұдан әрі».

Соңғы қадамда жаңа демо-шоттың нөмірі және екі пароль — негізгі және инвесторлық пароль қалыптасады. «Дайын» түймешігін басыңыз.

TeleTRADER терминалында «Пошталық жәшікке» (өзіңіздің кәдімгі e-mail жәшігіңізбен шатастырмаңыз) сіздің деректеріңіз, логин және трейдердің әрі инвестордың парольдері көрсетілген сәлемдеме хат келеді.

Авторландыру процедурасынан сәтті өттім. Енді сауда шотының паролін қалай ауыстыруға болады?

Негізгі және инвесторлық парольдер сауда терминалында өзгертілуі мүмкін. Ол үшін сауда терминалында келесі әрекеттерді орындау қажет: «Сервис» / «Баптаулар» / «Өзгерту». Сәйкесінше жолға өзіңіз ойлаған парольді енгізіңіз.

Маңызды! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін парольдің күрделі болғаны дұрыс: кем дегенде 5 символдан тұруы тиіс әрі үш жазылу үлгісінің кем дегенде екеуін қолдану қажет – кіші әріп, бас әріп және сандар. Осы талаптарды сақтамаған жағдайда, жаңа пароль берілмейді!

Сауда терминалында «Нарыққа шолу жасау» терезесінде маған қажетті құрал жоқ. Не істеу керек?

«Нарыққа шолу жасау» терезесінде тінтуірдің оң жақтағы түймешігін шертіңіз, контекстік мәзірден сіздің шотыңыз үшін қол жетімді «Символдар» тармағын таңдаңыз. Сіз осында «Нарыққа шолу жасау» терезесінде сізге қажетті символды көрсете аласыз немесе керісінше жасыра аласыз.

«Нарыққа шолу жасау» терезесінде қол жетімді барлық құралдарды бейнелеу үшін «Нарыққа шолу жасау» терезесінде тінтуірдің оң жақтағы түймешігін басу қажет және контекстік мәзірден «Барлық символдарды көрсету» жолын таңдау керек.

Сауда терминалында кейбір жаңалықтар ашылмайды.

Бұл қалыпты нәрсе. Dow Jones ақпараттық агенттігінен сіздің сауда терминалыңызға келіп түсетін кейбір жаңалықтар тек тақырыптан ғана тұруы мүмкін.

Мен нарықта жұмыс істеу үшін мобильді құрылғыларды пайдалана аламын ба? Терминал ҚДК/смартфонда жұмыс істей ме? Құрылғыға бағдарламаны қалай орнатуға болады?
  1. Иә, жұмыс істей аласыз. Нарықта мобильді құрылғылар, атап айтқанда ҚДК және смартфон арқылы жұмыс істеу үшін Сіз TeleTRADER 4 Mobile (ҚДК арналған) және TeleTRADER 4 Mobile Smartphone Edition (смартфондарға арналған) арнайы бағдарламалық өнімдерін пайдалана аласыз.
  2. Мобильді құрылғыларға арналған сауа терминалдары мобильді құрылғыларда ОС Windows Mobile бірге жұмыс істейді.
  3. Бағдарламаны мобильді құрылғыға орнату үшін оны біздің сайтымыздан алдын ала компьютерге жүктей аласыз («*.exe» кеңейтіліміне ие бағдарлама, ал содан кейін Windows арқылы орнатылады) не болмаса тікелей өзіңіздің мобильді құрылғыңызға жүктей аласыз («*.cab» кеңейтіліміне ие бағдарлама).
TeleTRADER клиенттік терминалында қандай уақыт көрсетіледі?

TeleTRADER сауда терминалындағы уақыт — UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) + 2 сағат (UTC+2). UTC уақыты қысқы GMT сәйкес келеді, бірақ одан ерекшелігі қысқы уақыт, жазғы уақыт болып өзгертілмейді.

Позицияны локирлеу кезінде не орын алады?

Позицияларды локирлеуді қаржы нарықтарының қатысушылары өз стратегияларында негізінен шығын деңгейінің өсуін тоқтату үшін қолданады әрі бұл ретте позицияның өзін жаппайды.

Мысалы, сізде EUR/USD бойынша 2.00 лот көлемінде қысқа позиция ашылған. Нарық сізге қарсы жылжып, EUR/USD бағамы өсіп жатыр делік. Бірақ сіз бұл нарықтағы уақытша жағдай деп болжайсыз немесе сіздің индикаторларыңыз біраз уақыттан кейін «шегінуді» күту қажет деп көрсетеді.

Бұл ретте сіз қосымша маржиналдық қамсыздандырусыз 2.00 лот көлеміндегі ұзын позицияны аша аласыз. Осылайша, сіз ұзын позицияның есебінен қысқа позиция бойынша шығындардың өсімін тоқтатасыз.

Осыдан кейін «бұға» (өсіп жатқан) нарықты күте тұрып, «шегініс» кезінде өзіңіздің ұзын позицияңызды жауып, қысқа позицияңызды сақтап қала аласыз.

В целях улучшения навигации по сайту TeleTrade использует cookies в своих интернет-сервисах. Продолжая просматривать этот сайт, вы соглашаетесь с использованием cookies. Если вы не согласны с использованием cookies, вы можете изменить настройки браузера в любое время.

  • © 2000-2017. Все права защищены.

    Сайт находится под управлением Teletrade D.J. Limited 20599 IBC 2012 (First Floor, First St. Vincent Bank Ltd Building, James Street, Kingstown, St. Vincent and the Grenadines).

  • Участие TeleTrade в саморегулируемых организациях. ГК TeleTrade уделяет особое внимание развитию регулирования финансовых рынков.
    Мы заинтересованы в качественной законодательной базе, обеспечивающей максимально комфортные условия для всех участников рынка Форекс, работающих в нашей стране.

    Информация, представленная на сайте, не является основанием для принятия инвестиционных решений и дана исключительно в ознакомительных целях.

  • Уведомление о рисках. Торговля на финансовых рынках (в частности торговля с использованием маржинальных инструментов) открывает широкие возможности и позволяет инвесторам, готовым пойти на риск, получать высокую прибыль, но при этом несет в себе потенциально высокий уровень риска получения убытков. Поэтому перед началом торговли следует всесторонне рассмотреть вопрос о приемлемости проведения подобных операций с точки зрения имеющихся финансовых ресурсов и уровня знаний.

  • Политика конфиденциальности.
    Использование информации: при полном или частичном использовании материалов сайта ссылка на TeleTrade как источник информации обязательна. Использование материалов в интернете должно сопровождаться гиперссылкой на сайт teletrade.com.ua. Автоматический импорт материалов и информации с сайта запрещен.

    По всем вопросам использования материалов сайта обращайтесь в PR-отдел.

Служба технической поддержки:
8-800-200-31-00, support@teletrade-dj.com

  • Онлайн-консультация
  • Заказать звонок
  • Написать письмо
Свяжитесь с нами
Запросить
обратный звонок
Наверх