FOREX нарығы — бұл халықаралық валюта нарығы әрі оның қатысушылары әлемдік валюта бағамдарының айырмашылығында табыс көреді.
FOREX (ағылш. foreing exchange — шетелдік айырбас) — бұл іс жүзінде ғаламдық айырбас орны әрі ондағы мәмілелер электрондық сауда-саттық жүйесі арқылы Интернет желісінің көмегімен жүргізіледі.
Көп адамдар FOREX — бұл биржаның аналогы деп түсінеді, алайда бұл қате пікір. Олардың ұқсас жақтары да бар, бірақ елеулі айырмашылықтарға да ие. Сондықтан осы ерекшеліктер кәдімгі биржадағы қызметпен салыстырғанда, FOREX-те жұмыс істеу — бұл қызықтырақ әрі қол жетерлік деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Не болмаса валюта нарығындағы жұмыс қор биржасындағы қызметке қарағанда тартымды деген сөз. Ал енді осыған толығырақ тоқталсақ.
- Биржа сөзі классикалық ұғымда нені білдіреді? Бұл бағалы қағаздарды, мұнайды, бидайды немесе басқа кез келген тауарды сататын нақты жер, алаң.
- FOREX дегеніміз не? Бұл электрондық сауда-саттық жүйесінде валюталармен мәмілені жер шарының басқа жерінде орналасқанына қарамастан, арнайы өкілеттігі бар кез келген банк арқылы тікелей атқаруға болатын нарық.

Яғни валюта бағамының айырмашылығында ақша таба бастау үшін Сізге белгілі бір білім және Интернет желісіне шығатын компьютер ғана қажет!
Санаулы секундтардың ішінде бір валютаны сатып әрі артық комиссиясыз басқа валютаны ең тиімді бағам бойынша сатып алу үшін:
- FOREX-те жұмыс істеу бойынша қызметтер ұсынатын компанияда арнайы валюталық шот ашу қажет;
- www.teletrade.kz сайтынан пайдаланылуы жеңіл сауда бағдарламасын жүктеп алу қажет;
- оны компьютерге, ноутбукқа, ҚДК немесе ұялы телефонға орнату керек;
- «Дербес трейдер» қызметін пайдалану керек (сілтеме).
Биржада бағалы қағаздарды немесе басқа тауарларды сатудан FOREX нарығының артықшылығы осында. Сіз өз бетіңізше ақша таба аласыз әрі жұмыс барысында әлемнің кез келген жерінде болуыңыз мүмкін.
Тағы бір артықшылықтардың бірі – бұл FOREX жұмысының режимі, яғни валютаны сату аптасына 5 күн тәулік бойы іске асады, ал әрбір елдің биржалық алаңы бір жұмыс күнінде шектеулі жұмыс сағатына ие. FOREX-тің кәдімгі биржаға ұқсастығы: бұнда келісім-шарттардың стандартты өлшемдері бар (лоттар). Биржалық тауарлар жеткізу сапасы және көлемі бойынша стандарттарға ие. FOREX-те, биржадағы сияқты, міндетті реттеуші ережелер және қадағалаушы органдар бар әрі олар барлық қатысушылардың мүдделерін қорғайды және сұраныс пен ұсыныстың негізінде әділ баға белгілеу механизмін қолдайды. Биржадағы сияқты мұнда да сатып алу/сату мәмілелерінің көмегімен өздерінің капиталдарын ұлғайтқысы келетін трейдерлер мен инвесторлар жұмыс істейді.
FOREX — бұл ғаламдық қаржы нарығының ең үлкен бөлігі. Сондықтан өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз және қаржылық еркіндік пен тәуелсіздікті иелену жолында дұрыс қадам жасаңыз!
Получить консультацию
Политика конфиденциальности